Путин Қазақстанға сыйға тартылған Амур жолбарыстары туралы айтты

Амур жолбарысы – планетада ең сирек кездесетін жыртқыштардың бірі.

Қазақстанға мемлекеттік сапары қарсаңында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің мақаласы жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Ресей Президенті мақалада Қазақстанға сыйға тартылған Амур жолбарыстары туралы айтты. 

Қазір екі елдің ғалымдары Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи қорығында бұл жануарларды жергілікті жерге бейімдеу үшін бірлесе жұмыс атқарып жатыр.

«Әріптестігіміздің тағы бір маңызды саласы – экология және биологиялық әралуандықты қорғау. Қазақстандағы достарымыз Амур жолбарыстарының популяциясын қалпына келтіруге көмек көрсету туралы өтініш айтқан еді. Осыған орай біздің тиісті мекемелеріміз кейінгі бір жыл ішінде нақты жұмыс жүргізді. Хабаровск өлкесінде екі жолбарыс және оның екі күшігі арнайы ауланды. Жануарлардың жағдайы мұқият тексерілген соң «Аэрофлот» рейсімен Қазақстанға жеткізілді. Қазір екі елдің ғалымдары Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи қорығында бұл жануарларды жергілікті жерге бейімдеу үшін бірлесе жұмыс атқарып жатыр. Жақын арада жолбарыстар табиғи ортасына оралады. Өңіраралық және шекара маңын¬дағы ынтымақтастық тату көршілік қатынастарымызды нығайтуға айтарлықтай ықпал етіп отыр. Сауда, білім беру, ғылым және мәдениет салалары бойынша 80-нен астам келісім жасалған. Аймақтық форумдар мен көрмелер тұрақты түрде өткізіліп келеді. Түрлі делегациялар және бизнес өкілдері жиі кездесіп тұрады», - деп жазды Владимир Путин "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған мақаласында.

Амур жолбарысы – планетада ең сирек кездесетін жыртқыштардың бірі. Ол Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл тізіміне енгізілген. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.