28-30 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Еліміздің басым бөлігінде солтүстік-батыс циклоны мен оған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Қазгидромет 28-30 мамырға арналған жалпы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Синоптиктердің болжамы бойынша, мамыр айының соңғы күндері республика аумағында ауа райы құбылмалы болады. Еліміздің басым бөлігінде солтүстік-батыс циклоны мен оған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Батыс және солтүстік-батыс өңірлерде бүкіл кезең бойы, 28 мамырда оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық аймақтарда, ал 28-29 мамыр күндері солтүстік пен шығыста нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, екпінді жел соғады. Республика бойынша желдің күшейеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.