«1001 түн» студиясында ағайынды боксшылар Махмұд Сабырхан мен Төрехан Сабырхан қонақта болды, – деп жазды Aikyn.kz.
Боксшы әкесі қатал тәрбиелегенін жасырмады. Сонымен қатар шаршы алаңға шығарда әкесінің сөзін еске түсіретінін айтты.
«Кішкентай кезімде әкемнен көп таяқ жедім, қамшымен де ұратын. Қазір әр жекпе-жек алдында әкем: «Сен менің қамшымның дәмін татқан баласың, қарсыластарыңның соққысы саған әсер етпейді», деп айтып отырады. Шаршы алаңға шығатын кезде қобалжу болады. Бірақ мен сол сөзді есіме сақтап, рингке үлкен сеніммен шығамын», - дейді Төрехан Сабырхан.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.