Куба Вице-президенті Астанаға келді

Мейман 28-29 мамыр күндері Астанада өтетін Еуразиялық экономикалық форумға қатысатын Куба елінің делегациясын бастап келді.

ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Куба вице-президенті Сальвадор Вальдес Месаны Астана халықаралық әуежайында қарсы алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Мейман 28-29 мамыр күндері Астанада өтетін Еуразиялық экономикалық форумға қатысатын Куба елінің делегациясын бастап келді. 

“Сізді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ыстық ықыласпен қарсы алуға қуаныштымын. Биыл Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық етеді. Форум дәстүрлі түрде сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету мен күшейтуге бағытталған. Сонымен қоса негізгі басымдық жасанды интеллектке беріліп отыр”, - деді Арман Шаққалиев.

 Өз сөзінде Куба Вице-президенті маңызды шараға шақыртуды қуана қабыл алғанын жеткізді. 

Сауда және интеграция министрлігі мәліметінше, ЕАЭО 2020 жылы Кубаға бақылаушы ел статусын берді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.