Қазақстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы төрт медаль еншіледі.

Вьетнамның Дананг қаласында күрес түрлерінен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Турнирдің алғашқы күнінде грек-рим күресінен жеті салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар анықталды.

ҚР ҰОК мәліметінше, Қазақстан құрамасы төрт медаль еншіледі. 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қуанышбек Жаңажол алтын медаль жеңіп алды. Ал 110 келіге дейінгі салмақта Арыстан Темірғали күміс жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ Әли Алмас (45 келіге дейін) пен Датқа Лесбек (48 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.