Жетісу облысының «Малайсары» командасы – жағажай футболынан ҚР Суперкубогының иегері

«Малайсары» командасының шабуылшысы Мехди Ширмохаммади Суперкубок матчтарының үздік ойыншысы атанды.

Павлодар қаласында жағажай футболынан Қазақстан Суперкубогының матчтары өтті, – деп жазды Aikyn.kz.  

Екі кездесуден тұрған тартысты бәсекенің қорытындысымен Жетісу облысының «Малайсары» ұжымы павлодарлық «Арман» командасынан басым түсті. 

Футбол федерациясы мәліметінше, алғашқы матчта «Малайсары» қарсыласын 3:5 есебімен, екінші кездесуде 5:4 есебімен жеңді. 

«Малайсары» командасының шабуылшысы Мехди Ширмохаммади Суперкубок матчтарының үздік ойыншысы атанды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.