Алматыда КСРО Халық әртісі, аты аңызға айналған әнші Роза Бағлановаға арналған мурал салынды. Әншінің бейнесі Медеу ауданындағы Самал-3 шағынауданы, 21-үйдің қасбетіне бейнеленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мурал тұрғындардың әкімдікке жасаған өтініші негізінде жүзеге асырылды. Жобаның ерекшелігі Роза Бағланова кезінде дәл осы үйде тұрған екен.
– Осылайша, Халық әртісінің жарқын бейнесі енді халық жадында әрі ұлттық өнер тарихында ғана емес, Алматы қаласының сәулеттік келбетінде де мәңгілікке сақталмақ, – деп жазған Алматы әкімдігі таратқан хабарламада.