Елордада 4 жасар бала жетінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Бала алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты.

Қайғылы жағдай Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болды. Алған жарақаттарынан бала оқиға орнында қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Астана қаласының Полиция департаменті бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Баланың терезеден құлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 4 жасар бала 7-қабаттың терезесінен құлап кетіп, алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 

Полиция департаменті ата-аналарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттілігін ескертеді.