2026 жылғы шағын гранттар байқауының жеңімпаздары белгілі болды

Іріктеу қорытындысы бойынша ең үздік деп танылған 96 жобаға грант бөлінеді.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылғы шағын гранттар байқауы аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Іріктеу қорытындысы бойынша ең үздік деп танылған 96 жобаға грант бөлінеді. Жеңімпаздардың әрқайсысына өз бастамаларын жүзеге асыруға 1 миллион теңге көлемінде шағын грант беріледі.

Министрлік мәліметінше, биыл байқауға еліміздің барлық өңірінен 520 өтінім түсті. Қатысушылардың басым бөлігі тарих пен мәдениет саласындағы волонтерлік, әлеуметтік және экологиялық волонтерлікті дамыту бағыттарын таңдады.

Байқау бес үкіметтік емес ұйымның базасында ұйымдастырылып, волонтерлік қозғалысты дамытуға, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға және ауылдық жерлердегі азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.