Астанада 1-сыныпқа үшем қабылданды

Бір үйдің үш перзентінің мектеп табалдырығын қатар аттауы – отбасы үшін де, білім ордасы үшін де ерекше қуанышты сәт.

Астана қаласында 27 мамырдан бастап 1-сыныпқа құжат қабылдау науқаны басталды. Осы орайда елордадағы Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейіне бір үйдің үшем баласы құжат тапсырып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Күнтуған Бақыт, Айтуған Бақыт және Нұртуған Бақыт жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа қабылданып, қазақ тілінде білім алмақ. Бір үйдің үш перзентінің мектеп табалдырығын қатар аттауы – отбасы үшін де, білім ордасы үшін де ерекше қуанышты сәт.

«Құлыншақтарымыздың қадамдары құтты болып, білім жолында биік белестерді бағындырсын. Елін сүйетін, тәрбиелі әрі білімді азамат болып өссе екен дейміз», – дейді ата-аналары.

Айта кетейік, Астана қаласы бойынша бірінші сыныпқа құжат 27 мамыр-31 тамыз аралығында қабылданады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.