Роза Рымбаева ұлдары жасаған тосынсыйды көріп, жылап қалды (видео)

Халық әртісінің ұлдары анасын құттықтап, тосынсый жасаған.

Халық әртісі Роза Рымбаеваның сахнада жүргеніне елу жыл болды, - деп жазды Aikyn.kz.  

Әнші осыған орай шығармашылық кешін өткізіп, көрерменге керемет әсер сыйлады. 

Халық әртісінің ұлдары анасын құттықтап, тосынсый жасаған. Әншінің ұлы Әли Оқапов әсерлі сәттің видеосын әлеуметтік желіге жариялады.

Ол анасын құттықтап, автокөлік сыйлаған.

«Анаңа тосынсый жасағанда үнемі қобалжисың. Бірақ соған татиды. Бәрі тек бақыттың көз жасы болсын», - деді Әли Оқапов.

Желі қолданушылары бұл көрініске сүйсініп, жылы лебізін білдіріп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.