Коронавирус жұқтырған 4 өзбекстандық ауыр халде жатыр

Коронавирус жұқтырған 4 өзбекстандық ауыр халде жатыр

25 наурызда Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 55 адамға жетті. Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, COVID-19 диагнозы қойылған төрт науқас ауыр халде жатыр. «Коронавирус жұқтырған 15 өзбекстандықтан пневмония табылды, төртеуі - ауыр халде жатыр», – деп хабарлады Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мемлекеттік инспекциясының бастығы Нурмат Отабеков.