Президент Еуразиялық экономикалық форумда талқыланған жасанды интеллектіні дамытудың өзектілігін атап өтіп, осы саладағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективасына тоқталды.
Мемлекет басшысы еліміздегі экономиканың негізгі салаларын цифрландыру және оған жасанды интеллект технологияларын енгізу шаралары туралы мәлімет берді. Осы орайда Қазақстанның Куба тарапымен электрондық үкіметті дамыту тәжірибесін бөлісуге, озық цифрлық шешімдерін экспорттауға әзір екенін растады.
Сальвадор Вальдес Меса Қасым-Жомарт Тоқаевқа Куба Президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудестің сәлемін жеткізіп, өзара сауда-экономикалық байланысты арттыруға ниетті екенін айтты.