Еліміздің барлық өңі­рінде «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өткізілуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпы­­­ұлттық бастамасы аясын­да еліміздің барлық өңі­рінде «AMANAT» пар­тиясының «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өткізілуде.

Бұл бастама азаматтар арасындағы экологиялық мәдениетті нығайтуға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға бағытталып отыр.

Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында «AMANAT» партиясы Риддер қалалық филиалы ауған соғысы ардагерлеріне арналған сквер аумағын тазалау жұмысын ұйымдастырды. Іс-шараға жастар қанаты қатарындағы 50-ден астам партияластар қатысты. Нәтиже­сінде, шамамен бір тонна қоқыс жиналды. Мұндай іс-шаралар қала тазалығын арттырып қана қоймай, тұрғындарды қоршаған ортаны қорғау жолындағы ортақ мақсат төңірегінде топтастырады.

Қарағанды облысы Теміртау қаласында «Жағалау учаскесі» қоғамдық жағажайы аумағында тазалық жұмысы жүргізілді. Эко­­логиялық іс-шараға 30 адам қа­тысты. Олардың қатарында бел­сенділер, депутаттар және жастар қауымы бар. Іс-шараға атсалысқан Теміртау қалалық мәслихатының депутаты Асқар Ахметов эколо­гиялық мәдениетті қалыптастыру мен қоршаған ортаның тазалығын сақтау ісіндегі тұрғындар белсен­ділігінің маңызын атап өтті.

«Мұндай экологиялық акция­лар тұрғындарды тазалық сақтау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау сынды ортақ мақсатқа жұмылдырады. Әрбір азамат туған қаласын көркейтуге және келешек ұрпақтың экологиялық мәде­ниетін қалыптастыруға үлес қоса­ды», – деді Асқар Ахметов.

«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының бастамасымен және облыстық мәс­лихат депутаты Валерий Кры­ловтың қолдауымен Орал қала­сында қурап қалған ағаштарды кесу, ағаштарды әктеу, қоқыс жи­нау және балалар ойын алаң­дарын жаңарту жұмыстары жүр­гізілді. Іс-шараға партия белсен­ділері, қала тұрғындары және «Жастар Рухы» жастар қанатының еріктілері қатысты.

«Бүгін біздің аулада тазалық акциясы аясында абаттандыру жұ­мысы жүргізілді. Партия баста­масымен ұйымдастырылған ак­цияға белсенді атсалысқан жұ­­мыс­шылар мен еріктілерге алғы­сымызды білдіреміз. Бұл нақты адамдар үшін жасалып жатқан нақты әрекет деп білемін», – деді қала тұрғыны Наталья Глухова.

«Таза бейсенбі» акциясы аза­маттардың экологиялық жауап­кершілігін арттыруға, табиғатқа жанашырлықпен қарау мәдение­тін қалыптастыруға және жайлы қалалық орта құруға бағытталып отыр. Ұйымдастырушылардың ай­туынша, өңірлердегі эколо­гия­лық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Тілек ҚАБЫЛ