Мұхтар Шахановтың 40 күндік асы: қоғам қайраткерлері мен қаламгерлер бас қосты

Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен еске алу шарасы Алматыдағы «Triumph Hall» мейрамханасында өтті. Сағат 13:00-де басталған жиынға шамамен 500 адам қатысты.

Бүгін Алматы қаласында Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың рухына арналған 40 күндік ас берілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен еске алу шарасы Алматыдағы «Triumph Hall» мейрамханасында өтті. Сағат 13:00-де басталған жиынға шамамен 500 адам қатысты.

Асқа белгілі өнер және қоғам қайраткерлері – Роза Рымбаева, Мейрамбек Бесбаев, Асылы Осман, Сауық Жақанова және басқа да зиялы қауым өкілдері келді. Сонымен қатар Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, Алматы әкімдігі өкілдері, театр әртістері, желтоқсаншылар мен Қырғызстаннан арнайы келген делегация қатысып, марқұмның рухына Құран бағыштады.

Жиын барысында қатысушылар Мұхтар Шахановтың шығармашылық мұрасы мен елдің рухани дамуына қосқан зор үлесін еске алды.

Сондай-ақ шара кезінде жазушының зиратын абаттандыру және басын көтеру жұмыстарын белгілі меценат Серікжан Сейітжанов өз мойнына алғаны мәлім болды.