2 апталық нәресте: Санитарлық авиация жаңа туған сәбиді Астанаға шұғыл жеткізді

Рейс 2 сағатқа созылды

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» тікұшағының экипажы дәрігерлермен бірлесіп, шұғыл санитарлық рейс орындады. Олар Павлодар қаласынан 14 күндік сәби мен анасын Астанаға жеткізді.

Рейс 2 сағатқа созылды, ал нәресте арнайы медициналық көмек көрсету үшін «Жүрек» кардиохирургиялық орталығына жеткізілді.

Ұшу барысында ТЖМ қызметкерлері қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етті, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында