Шығыс Қазақстан облысындағы Артемьев шахтасында тағы бір қайғылы оқиға тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Тау-кен массасының құлауы салдарынан жұмысшы қаза тапты.
KAZ Minerals компаниясының мәліметінше, оқиға болған учаскедегі барлық жұмыс уақытша тоқтатылып, арнайы тергеу басталған.
Айта кетейік, бұл аталған шахтадағы соңғы айдағы екінші адам өлімі еді. Бұған дейін, 10 мамыр күні шаң-желдету қызметінің механигі шамамен 9 метр биіктіктен құлап, көз жұмған.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.