Астана тұрғындары мен қонақтары 16 мамырда іске қосылған LRT желісін белсенді пайдаланып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жаңа қоғамдық көлік жүйесінің алғашқы нәтижелерімен бөлісті.
Оның айтуынша, LRT іске қосылғаннан бері небәрі екі апта ішінде жолаушылар саны 1 миллион адамға жеткен. Қазіргі таңда желіні күн сайын шамамен 65-75 мың жолаушы пайдаланады.
«Бұл елорда тұрғындары мен қонақтары арасында қоғамдық көліктің жаңа түріне сұраныстың жоғары екенін көрсетеді. Барлық жолаушыларға LRT-ді белсенді пайдаланғаны, жаңа көлік жүйесіне сенім білдіргені және инфрақұрылымға жауапкершілікпен қарағаны үшін алғыс айтамын», – деді қала әкімі.