1 маусым күні Жетісу облысының аумағында жер сілкінісі тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қазақстанның сейсмикалық станциялар желісі жерасты дүмпуін Астана уақыты бойынша сағат 10:56-да тіркеген.
Мамандардың мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 3,8 балды құраған.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираған ғимарат туралы ақпарат түскен жоқ.