Таразда көпбалалы аналар өз ауласын дезинфекциялады
Таразда көпбалалы аналар өз ауласын дезинфекциялады
127
оқылды
Тараздықтар «Өз аулам – өз денсаулығым» атты акция аясында өз ауласын дезинфекциялауда, - деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі. Таразда коронавирус пандемиясына байланысты көпбалалы және аз қамтылған отбасылар өздерін және жақындарын қорғауға кірісті. Атап айтар болсақ, «Қарасу» мөлтек ауданындағы 180 пәтерлі жатақхана тұрғындары өздері тұратын тұрғын үйді дезинфекциялау бойынша акция өткізу бастамасын қолға алды. Олардың өтінішіне қалалық әкімдік қолдау білдірді. Акция барысында көпбалалы аналарға қолғап, медициналық маскалар және дезинфекциялау құралдары тегін үлестірілді. Ал «Ақжүніс» қоғамдық бірлестігінің өкілдері көпбалалы және аз қамтылған отбасы мүшелеріне мыңнан астам медициналық маска таратты. Аналар жатақхананың барлық кіреберістері мен есіктерін, тұтқалар мен балалар ойын алаңшасын мұқият дезинфекциялады.