Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте сөз сөйлеп, Алматы облысының даму қарқынына бағасын берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Akorda-ға сілтеме жасап.
Президент былтыр өңірлік жалпы өнім көлемі 6,7 триллион теңге болып, 5,4 пайызға өскенін айтты.
– Қаңтар-сәуір айларындағы қысқамерзімді экономикалық көрсеткіш бойынша аймақ 5-орында тұр. Инвестиция тарту жұмысы белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері облыс экономикасына 266,2 миллиард теңге инвестиция салынды.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі шамамен 900 миллиард теңгеге жетті. Бірақ аграрлық сектордың әлеуеті әлі де толық игерілмей жатыр. Биылғы 4 айдың нәтижесі бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығының нақты көлем индексі 101,2 пайыз болды, – деді ол.