Alatau City жобасына зор үміт артып отырмыз – Қасым-Жомарт Тоқаев

Alatau City жобасы Дубай, Шэньчжэнь, Инчхон секілді қалаға айналмақ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Alatau city жобасына зор үміт артып отырғанын айтты. Ол бұл туралы Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте қозғады,  деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Akorda-ға сілтеме жасап.  

Президент бұл жобадан зор үміт артып отырғанын жасырмады.

– Өздеріңіз де білесіздер, жаңа қала салу туралы шешім экономикамызда күрделі жағдай болған кезде қабылданды. Бірақ біз бұл мәселеге байыппен қарадық. Асығыстыққа жол берген жоқпыз. Alatau City жобасы – шын мәнінде, жан-жақты зерделенді, пысықталды деп айтуға болады.
 
Жалпы, әлемдік тәжірибеге қарайтын болсақ, дәл осы болашақ қалаларын салу арқылы ел дамуын жаңа сапалық деңгейге көтеруге зор мүмкіндік туады. Мысалы, Дубай, Шэньчжэнь, Инчхон, тағы да бірқатар қаланың сәтті жобалар екені баршаға мәлім.
 
Сол себепті біз де Alatau City жобасына зор үміт артып отырмыз. Бұл істе ең алдымен құқықтық сұрақтарды, жер және инфрақұрылым мәселелерін шешу қажет. Осы бастаманы іске асырудың бастапқы кезеңінде бірқатар негізгі бағытқа баса мән беруіміз керек, – деді ол.