Кипр Президенті Қазақстандаға ресми сапармен келеді

Бұл туралы Ақорда ресми хабарлады.

2-4 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Кипр Республикасының Президенті Никос Христодулидис Қазақстанға ресми сапармен келеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

3 маусым күні өтетін келіссөздер барысында президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарға басымдық беретін екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективасын талқылайды.

Сондай-ақ бірқатар құжатқа қол қою жоспарланған.