«Күйеуімді ажыратып алған жоқпын...»: Айдана Меденова отбасы туралы айтты (видео)

Өнер иесі журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында күйеуімен қалай танысқанын айтты.

Әнші Айдана Меденова өзіне сын айтатындарға жауап берді, - деп жазды Aikyn.kz.   

Өнер иесі журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында күйеуімен қалай танысқанын айтты. Жолдасы да шоу-бизне жұмыс істеген. Ол әншіге түрлі сыйлықтар жіберіп, сезімін білдірген. Алайда Айдана Меденова ұсынысты бірден қабылдамағанын айтты. 

«Жолдасыммен танысқанда басы бос болды. Төрт жыл бұрын отбасын құрып, ажырасқан екен. Екі баласы барын білдім. Осыны әкеме айтқанда «Жақсы ғой. Жақсы көріп тұрсаң, неге тұрмысқа шықпасқа?» деді. Құдай маған бар жақсыны берді. Ата-енеммен, жолдасымның бұрынғы жұбайымен қарым-қатынасымыз жақсы. Араласып тұрамыз. Олар саналы адамдар», - дейді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.