«Арызын қайтып алды»: Шавкат Рахмоновтың отбасына қатысты қуанышты жаңалық жарияланды (видео)

Заңгер ерлі-зайыпты татуласып кетеді деп үміттенетінін жасырмады.

UFC жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың отбасылық жағдайына қатысты ақпарат пайда болды, - деп жазды Aikyn.kz.   

Бұған дейін спортшының әйелімен ажырасқаны жайлы айтылған еді. Алайда танымал заңгер Мейірман Шекеев Qazaqordasy YouTube арнасына берген сұхбатында Шавкат Рахмонов пен жұбайы арызын қайта алғанын айтты.

Оның сөзінше, спортшының әйелі жол-көлік оқиғасынан кейін күйзеліске түскен. 

«Шавкат Рахмоновтың әйелі Гүлайымның ісі абайсызда болды. Істі зерттедім. Көлікпен келе жатып, рульге ие бола алмай қалады. Салдарына екі адам қайтыс болады. Біреуі туған әпкесі. Содан қатты стресс алады. Оның үстіне аяғы ауыр еді. Қазір қызды болды», - дейді ол.

Заңгер ерлі-зайыпты татуласып кетеді деп үміттенетінін жасырмады.

«Отбасы болған соң түрлі жағдай болады. Жақсы болып кетеді деп ойлаймын. Өйткені жақында қызды болды. Заңды түрде ажырасып кеткен жоқ. Иә, арыз жазған. Бірақ екеуі қайтып алды», - деді Мейірман Шекеев.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.