Түркістан облысында тұратын 4 жасар Әли Адамбек мектепке ресми түрде қабылданып үлгерді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты "Астана" телеарнасы сілтеме жасап.
Ата-анасының айтуынша, Әли небәрі 2 жасында әріп танып, 3 жасында сандарды көбейте бастаған. Қабілетімен таңғалдырған жас дарын бүгінде ағылшын тілінде де оқып-жазуды үйреніп жүр.
"Қазір әріптердің бәрін таниды, әліппені оқи береді. Есептерді еркін шығарады. Қазақ, ағылшын тілдерінде. Енді тілі шыға бастаған кезде балалардың оқулықтарымен ойнап, дамытушы мультфильмдерді көре бастады. Алғаш 3 жасында қарапайым есептерді қосып, алып жүргенін байқадық. Қазір көбейту, бөлу амалдарын да орындай алады", – дейді Әлидің анасы Нұргүл Мырзағали.