Үндістанда карантин режимі жарияланды
Үндістанда карантин режимі жарияланды
© 24.kz
143
оқылды
Үндістанда коронавирустың таралуына байланысты карантин режимі жарияланды. Бұл туралы елдің премьер-министрі Нарендра Моди хабарлады. Енді 22 млн тұрғын 3 апта бойы өз үйлерінде оқшаулану керек. Елдің ірі шаһарларында ойын-сауық орталықтары, өнеркәсіп орындары мен көптеген кеңселер жабылды. Метро мен халықаралық автобустар да уақытша жұмысын тоқтатты. Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Үндістанда 536 адам COVID-19 вирусын жұқтырған. 10 адам осы індеттің құрбаны болды.