Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға келген Кипр Республикасының президентін қарсы алды

Кипр президенті Қазақстанға ресми сапармен келді.

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Кипр Республикасының президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті,  деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Akorda-ға сілтеме жасап.

Іс-шара аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никос Христодулидис бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Кипрдің әнұрандары шырқалды.