Продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында "Кешью" тобының мерейтойлық концерті ойдағыдай өткенін айтты, - деп жазды Aikyn.kz.
Продюсер алдымен концертке келіп, қолдау көрсеткен көрерменге алғыс білдірді. Сонымен қатар "Кешью" тобы жиырма жылдық концертке өте белсенді дайындалғанын, еңбек ақталғанын атап өтті.
Продюсер енді осындай шоуды Астанада өткізу жоспарда бар екенін айтты. Бірақ алдымен көрерменнің пікірін білгісі келетінін жасырмады.
"Достар, Алматыда өткізген шоуымыз әлеуметтік желіде әлі талқыланып жатыр. Әркім әртүрлі пікірде. Бірақ тоқсан тоғыз пайызы керемет әсер алғанын айтып жатыр. Енді осындай шоуды Астанада өткізу туралы ұсыныс түсті. Сіздерден сұрағым келеді. Билет алып, келер ме едіңіз? Жауаптарыңызды білгеннен кейін ойланайын», - деді Баян Алагөзова.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.