"Орындықтарды сындырған": Ұлытауда жасөспірімдер стадионды қиратқан

Ата-аналарға қатысты балаларын тәрбиелеудегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалды.

Ұлытауда балалар стадионды қиратып, орындықтарын сындырған. «Жастар» стадионының аумағындағы вандализм фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ұлытау облысының полиция қызметкерлері екі кәмелетке толмаған жасөспірімді анықтады. Ата-аналарының қатысуымен жасөспірімдерге профилактикалық сипаттағы түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Ата-аналарға қатысты балаларын тәрбиелеудегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалды.

Бұдан бөлек, олар келтірілген шығынды өтеуі тиіс. Өңірлік полиция департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын қалалық инфрақұрылым объектілеріне ұқыпты қарауға шақырады. Ата-аналар жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандардың мінез-құлқын, соның ішінде олардың қоғамдық орындарда болу ережелері мен жолдардағы қауіпсіздік шараларын сақтауын бақылауға ерекше назар аударуы қажет,  деді Ұлытау облысының ПД баспасөз қызметі.