Шымкентке 12 блокпост қойылды
Шымкентке 12 блокпост қойылды
166
оқылды
Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Шымкентте сақтық шаралары күшейтілуде. Бұл бағытта Шымкент қаласына кіретін-шығатын автожолдарда 12 блокпост қойылды. Қазіргі таңда Шымкенттегі полиция мен медицина қызметкерлері күшейтілген режимге көшті. Коронавирус індетіне қарсы мамандар әрбір көлікті тоқтатып, арнайы құрылғымен азаматтардың дене қызуын өлшеп, тексерістен өткізіп жатыр. Бұл бекеттерде полициялар мен дәрігерлер, жедел-жәрдем, төтенше жағдай қызметкерлері тәулік бойы қызмет етеді. Сақтық шаралары ең алдымен қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Блокпорстарда медицина мамандары халықты ақпараттандыру, азаматтардың қозғалысын бақылап, дәрігерлер жолаушылардың дене қызуын өлшейді.

Н. НАЗАРБЕК