Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы уақытта Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде вакцинациядан бас тартып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты
– Өкінішке қарай, соңғы жылдары бүкіл әлемде және елімізде вакцинациядан бас тарту үрдісі белең алып келеді. Мәселен, елімізде соңғы 9 жылда вакцинациядан бас тарту жағдайы 4,8 есе өсті. Сандарға көз жүгіртсек, 2017 жылы 5 мыңнан асса, 2025 жылы 25 мыңға жетті, – делінген хабарламада.
Ведомствоның атап өтуінше, бұл жағдай иммундаудан өтпеген адамдар санының артуына әсер етіп, вакцина алмаған азаматтар арасында жұқпалы аурулардың таралу қаупін күшейтеді.
Министрлік вакцинацияның арқасында елдегі бірқатар инфекциялық аурудың көрсеткіші айтарлықтай төмендегенін хабарлады. Атап айтқанда, соңғы 35 жылда эпидемиялық паротитпен сырқаттанушылық 94 есе, А вирустық гепатиті 80 есе, ал В вирустық гепатиті 94 есе азайған.