Әлеуметтік желілерде балабақша тәрбиешісінің балаларға дөрекілік танытқан сәттері түсірілген кадрлар тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты
Видеодағы әйел баланы қолынан сілке тартып, үстелге қарай сүйреп апарады. Бұл кадрлар желі қолданушыларының арасында алаңдаушылық тудырып, олар құзырлы органдардан тиісті шара қолдануды талап етті.
Мән-жайды Қызылорда облыстық Полиция департаменті түсіндірді. Олардың мәліметінше, кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау дерегіне қатысты полициямен қылмыстық іс қозғалған.
– Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, оның ішінде полиция бейнежазбаларды зерттеуде. Облыстық Білім басқармасына тиісті ұсыныс енгізілді", – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.