Димаш Құдайбергеннің жаңа жеке концерттік туры өтеді, - деп жазды Aikyn.kz.
dimashnews.com жариялаған мәліметке сәйкес концерттік тур қазан айының ортасында басталмақ. Әнші әлемнің бірнеше елінде өнер көрсетеді.
«DimashAli» шығармашылық орталығы Димаш Құдайбергеннің жаңа жеке концерттік турының басталатынын хабарлайды. Бүгін біз турдың алғашқы күндерін ұсынамыз. Концерттік кесте толықтырылып отырады, ал жақын арада жаңа қалалар мен концерт күндері жарияланады. Сондай-ақ, жаңа турдың алғашқы концерті өтетін қала туралы ақпаратпен де жақын уақытта бөлісеміз, - делінген хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.