Терең өңдеудегі табыс

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министр Олжас Бектенов Qyzyljar арнайы экономикалық аймағының қызметімен таныс­ты, онда Мемлекет басшысы қойған экономиканы әртараптандыру және өндірістерді локализациялау жөніндегі міндеттерге сәйкес тамақ өнеркәсібі, машина жасау және шикізатты терең өңдеу салаларындағы ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.

2025 жылдың қорытындысы бойынша, өңірге 609 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл ретте кейінгі екі жылда өңірдің негізгі капиталына инвестициялар көлемі екі есеге жуық өскен. Инвести­циялық жобалардың жалпыұлттық пулы шеңберінде СҚО-да 10,3 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы 1,1 трлн теңгеге 64 бастама жүзеге асырылуда.

Qyzyljar АЭА – өңірдің өнеркәсіптік өсуінің негізгі орталықтарының бірі. Қазір 8 субаймақта 21 қатысушы өз жобаларын жүзеге асыруда. Олжас Бектенов Qyzyljar АЭА-ға бару қорытындысы бойынша жауапты мем­ле­кеттік органдар мен Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне қолда­ныс­тағы және әлеуетті инвестициялық жобаларға қолдау көрсетуді тапсырды.