Танымал блогер Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісіп, жаңа көлік алғанын көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Көпбалалы ана жаңа темір тұлпарды бес баласының несібесімен байланыстырды.
«Бір кездері өзіме модель, актер, актриса, стилист, көмекші, ақылшы – бәрін туып алғаныма әуелі Аллама, сосын өзіме ризамын. Осы бес баламның бағы шығар, көлікті болдық. Құдай берем десе, 1-ақ күн жетеді екен», – деп жазды блогер.
Сондай-ақ ол енді балаларымен бірге жиі саяхаттауды жоспарлап отырғанын айтты.
«Енді улап-шулап, бесеуін салып алып, жақсы жерлерге барамыз. Көлігіміз біздің көрікті отбасымызға үйлесіп тұр, ә?! Қалай ойлайсыз? Құттықтауларын жаудырып, біз үшін қуанып жатқан әрбір жанға мың алғыс. Мен әр оқырманымды шын жақсы көремін. Баршаңызға жақсылық жұғысты болсын!» – деді Мөлдір Мұқанова.
Желі қолданушылары блогерді жаңа көлігімен құттықтап, отбасына амандық, береке және толағай табыс тіледі.