Семей қаласындағы Бобровка саяжай алабында құрғақ шөп пен бұталар өртеніп, өрт екі шаруашылық құрылысы мен бір саяжай үйіне тараған.
Ресми мәліметке сәйкес, хабарлама түскеннен кейін ТЖМ күштері оқиға орнына жедел жетті. Алғашқы бөлімшелер келген кезде ашық жалын байқалған. Құтқарушылар өртті сөндіруге кірісіп, су беру жұмыстары үздіксіз қамтамасыз етілді. Оқиға орнында өрт сөндірушілер күшейтілген тәртіпте жұмыс істеді.
ТЖМ мәліметінше, өрт толық сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтау кезінде өрт аймағынан 4 газ баллоны шығарылып, ықтимал жарылыстың алдын алынды. Сондай-ақ жалынның көршілес саяжай үйлеріне таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ.