Астанада 29 жастағы шетел азаматы BMW көлігімен көшенің қақ ортасында қауіпті маневрлер жасап, дрифт ұйымдастырғаны үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны анықтап, оған қатысты көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу және ұсақ бұзақылық фактілері бойынша әкімшілік хаттамалар толтырды.
Сот шешімімен жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ал оның басқаруындағы BMW автокөлігі арнайы айып тұрағына қойылды.