Өскеменде сауда үйі маңынан әйел адамның мәйіті табылды

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, белгісіз әйелдің мәйіті туралы хабар жедел жәрдем қызметінен түскен.

Өскемен қаласында сауда үйлерінің бірінің маңынан әйел адамның мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қайғылы оқиға 4 маусым күні болған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, белгісіз әйелдің мәйіті туралы хабар жедел жәрдем қызметінен түскен.

Оқиға орнына дереу полицияның тергеу-жедел тобы жіберілді. Алдын ала мәлімет бойынша, мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Сондай-ақ тиісті сараптамалар тағайындалған.

Әйелдің нақты неден көз жұмғаны сот-медициналық сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады.