Әнші Сәкен Майғазиев Instagram парақшасында жаңа фото жариялады.
Суретте әнші шағын габаритті, жеке ұшаққа ұқсайтын әуе көлігінің алдында тұрғанын көруге болады. Алайда өнер иесі фотоға ешқандай жазба қалдырмаған.
Желі қолданушылары әншіге түрлі пікір жазып жатыр. Бірі «Қай жерде жүрсеңіз де аман болыңыз» деп тілектестік білдірсе, енді бірі «Қуанышыңыз жұғысты болсын» деп жазған.