Стамбұлдың Кағытхане ауданында есірткі өсіретін орын анықталды. Бұл туралы TRThaber жазды.
Кейін тәртіп сақшылары үйге тінту жүргізді. Ішке кірген кезде шамамен 60 шаршы метр бөлменің толық оқшауланып, есірткі өндіруге бейімделгенін анықтады. Тінту барысында 81 түп каннабис және кептіруге қалдырылған 42 келі 300 грамм марихуана тәркіленді. Тәркіленген есірткінің көшедегі құны шамамен 30 миллион түрік лирасына бағаланып отыр.
Сондай-ақ үйден микроклиматты реттеуге арналған 25 шам, 4 желдеткіш құрылғы, 15 желдеткіш, 4 кептіру торы, 1 шаңсорғыш, өсімдікке арналған түрлі тыңайтқыштар және есірткі өндіруде қолданылған басқа да жабдықтар табылды. Тәркіленген есірткі мен құрал-жабдықтар сараптамаға жіберіліп, іс есірткі қылмыстарымен күрес басқармасына тапсырылды.