Оқиға Алматы қаласының Медеу ауданындағы Мыңжылқы шатқалында болған. Теңіз деңгейінен 3 020 метр биіктікте орналасқан Малыш шыңынан түсу кезінде туристік топтың бір мүшесі жартастан құлап, жарақат алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жарақат алған азамат – 2007 жылы туған.
Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері зардап шеккен азаматты жедел тауып, оған алғашқы көмек көрсетіп, эвакуациялауға кірісті. Қауіпсіз жерге жеткізілгеннен кейін турист Төтенше жағдайлар министрлігінің Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырылды.
Туристік топтың тағы үш мүшесі құтқарушылардың сүйемелдеуімен қауіпсіз жерге жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.