Ұйқы режиміңіз қандай: күніне қанша сағат ұйықтау керегін білесіз бе?

Күн сайын бір уақытта ұйықтап, бір уақытта ояну денсаулыққа оң әсер етеді.

Психиатр, психотерапевт әрі сомнолог Елена Колесниченко денсаулықты сақтау үшін адамға қанша сағат ұйықтау керегін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. aif.ru-ға сілтеме жасап. 

Маманның айтуынша, орташа ұсыныс бойынша 18 бен 60 жас аралығындағы ересек адамдар тәулігіне кемінде 7 сағат ұйықтауы керек. Алайда әр адамның ұйқыға деген қажеттілігі әртүрлі болуы мүмкін.

Көпшілікке тәулігіне 7-9 сағат ұйқы жеткілікті. Ал 65 жастан асқан адамдарға 8-9 сағат ұйықтаған дұрыс. Кейбір адамдар 6 сағат ұйқымен де сергек жүре алады, ал енді біріне толық тынығу үшін 10 сағат қажет болуы мүмкін.

Сомнолог ұйқының ұзақтығымен қатар, оның тұрақты режимі де маңызды екенін атап өтті. Яғни, күн сайын бір уақытта ұйықтап, бір уақытта ояну денсаулыққа оң әсер етеді.