"Интимдік сипатта": Алматыда боди-массаж орталығының қызметі тоқтатылды

Жеке тұрғын үйде сауықтыру қызметтері деген желеумен интимдік сипаттағы қызмет көрсетілген.

 Алматыдағы Бостандық ауданында боди-массаж қызметін көрсету орталығы ретінде жасырын жұмыс істеген заңсыз мекеменің қызметі тоқтатылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл туралы 7 маусымда қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді,

Олардың мәліметінше, учаскелік полиция инспекторлары жүргізген тексеру барысында қаланың беделді аудандарының біріндегі заңсыз кәсіп анықталған. Нақты айтсақ, жеке тұрғын үйде сауықтыру қызметтері деген желеумен интимдік сипаттағы қызмет көрсетілген.

"Тексеру нәтижесінде жеті әйел полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазір олардың жеке басын анықтау жұмысы жүргізіліп жатыр",  делінген ақпаратта.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty_police_department)