Түркістан облысының Арыс қаласында көлік тізгіндеген келіншек жерүйдің қоршауына соғылып, тұрғындарды қағып өткен. Салдарынан төрт адам қаза тауып, екеуі ауыр жарақатпен ауруханаға түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Kozachkov offside Telegram арнасына сілтеме жасап.
Оқиға салдарынан қаза тапқан 4 адамның ішінде екі кішкентай бала мен жүкті әйел болған.
Журналист Михаил Козачковтың мәліметіне сүйенсек, көліктің рулінде 52 жастағы Бибінұр Қасымова есімді азаматша болған. Мектепте істейтін келіншек бос уақытында такси жүргізіп, қосымша табыс тапқан.
Сараптама қорытындысы оның ішімдік ішкенін растады. Енді бұл оқиға абайсызда жасалған қылмыс ретінде сотта қаралады. Заң бойынша оған ең көбі 10 жылға дейін түрме жазасы кесілуі мүмкін. Бірақ тараптар өзара татуласса, жүргізуші 7 жыл алып, 2-3 жылдан кейін шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы да әбден ықтимал.