Шымкентте 12 метрлік құдыққа құлап кеткен бала құтқарылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, 14 жастағы бала кездейсоқ шамамен 12 метр тереңдіктегі құрғақ құдыққа құлап кеткен. Оқиға орнына келген құтқарушылар баланы арнайы жабдықты пайдаланып көтеріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жеке үйдің аумағындағы терең құдыққа құлаған баланы құтқару операциясын жүргізді.