"Фотоға түсіру үшін": Шымкентте балабақша қызметкерлері балаларға банан таратып беріп, қайта жинап алған

Мекеме меңгерушісі мен қызметкерлерінен түсініктеме алынған.

Әлеуметтік желілерде Шымкенттегі балабақшада бейнебақылау камерасына түсіп қалған видео кеңінен таралды. Астында балабақша әкімшілігі балаларға банан таратып беріп, фотоесеп берген соң қайта жинатып алғаны жазылған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бейнежазбада балалар үстел басында отыр.  Ал балабақша қызметкері әр балаға бір бананнан бере бастаған. Ал екінші қызметкер оларды суретке түсіріп, артынан бананды жинап алған. 

Видеоны көрген желі қолданушылары оған пікір қалдырып жатыр.

"Ұят емес пе, сотсыз, тергеусіз жұмыстан шығару керек", "Жаныңа батады. Қараңыздаршы, қабығын енді тістеп үлгерген баладан бананды қалай тартып алған?!", "Сұмдық!", "Үнемі аш, оларға бәрібір аз көрінеді", "Түбіне жетті",  деп пікір қалдырған желідегілер.

Қалалық білім беру басқармасының өкілдері жазбаға қатысты түсінік берді. Олар шағымнан кейін мектепке дейінгі мекемеде тексеріс жүргізілгенін хабарлады.

"Бейнежазбаны қарап шыққаннан кейін бұл жағдай 2026 жылдың ақпанында болғаны анықталды. Бейнежазбадағы бес қызметкердің үшеуі жұмыстан шығарылған", дейді Білім басқармасы өкілдері.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EGOV.PRESS (@egovpress)