Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 80 адамға жетті
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 80 адамға жетті
Шымкентте тағы бір адам коронавирус жұқтырды, - деп хабарлады Coronavirus2020.kz. "Қазақстанда 25 наурыз 16:40-қа дейін коронавирус індетін жұқтырған тағы бір адам тіркелген. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша - 41 адам, Алматы қаласында – 31 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, жалпы 80 науқас тіркелді", - делінген хабарламада.