Бүгін сағат 21:55-те Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмологиялық зерттеу институты сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 111 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің координаттары: 42.920° с.е., 78.188° ш.б. Тереңдігі – 5 км.
Есептік қарқындылығы (балмен):
• Алматы облысы, Кеген ауданы, Саты ауылы – 2,5 балл;
• Алматы облысы, Кеген ауданы, Жалағаш ауылы – 2 балл.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.