Айыппұл – 43 250 теңге: Риддерде орманға баруға тыйым салынды

Жеке тұлғалар үшін айыппұл мөлшері 10 АЕК, яғни 43 250 теңге.

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының орман алқабына баруға тыйым салынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. «Риддер орман шаруашылығы» КММ-не сілтеме жасап. 

Олардың мәліметінше, тыйым жоғары өрт қаупіне байланысты енгізіліп отыр.

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының орман алқабына  ауа райы жағдайына байланысты өрт қаупінің жоғары IV класы белгіленді. Осыған байланысты орманға баруға тыйым салынады. Тыйым мол жауын-шашын түскенге дейін өз күшінде болады, – делінген «Риддер орман шаруашылығы» КММ-нің хабарламасында. 

Белгіленген талапты бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жеке тұлғалар үшін айыппұл мөлшері 10 АЕК, яғни 43 250 теңге.